«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 ақпандағы № 51 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

 Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

  1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы ақпандағы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

Р/с
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5
Бірінші басымдық. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы
1. Цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі шараларды ескере отырып (3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервистер, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беруде және басқа), цифрлық индустрияны дамытуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау, коммуникацияларды дамыту және оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қол жеткізу Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы АКМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2017 жылғы қыркүйек
2. «ЭКСПО-2017» объектілерінің бірінің базасында қажетті инфрақұрылымы бар және мыналарды:
– салық жеңілдіктерін;
– оңайлатылған визалық және еңбек режимдерін қамтитын қолайлы жағдайлары бар халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат АКМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, Еңбекмині, ИДМ, ІІМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ (келісім бойынша), «АХҚО» әкімшілігі» АҚ (келісім бойынша) 2018 жылғы ақпан
3. Ғылыми және инновациялық әлеуеттерді:
– ЖОО;
– Назарбаев Университеті;
– «ИТП» ДКҚ базасында дамыту бойынша шаралар қабылдау
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат БҒМ, АШМ, ДСМ, Қорғанысмині, МСМ, ІІМ, ИДМ
«Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)
ИДМ, «ИТП» ДКҚ (келісім бойынша)
2017 жылғы желтоқсан
4. Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін қамтитын өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы желтоқсан
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құру Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімі
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы наурыз
6. Үкіметтік бағдарламаны (Ұлттық экспорттық стратегия) әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ҰЭМ, ИДМ, АШМ, ЭМ, СІМ, Қаржымині, Ұлттық Банк, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы тамыз
7. Астана халықаралық қаржы орталығының инфрақұрылымы мен құралдарын пайдалана отырып, ел экономикасына шетелдік инвестициялар тарту Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат «АХҚО» әкімшілігі» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ИДМ, АШМ, ЭМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2017 – 2020 жылдар шілде, қаңтар
8. Экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін дамыту және қажетті инфрақұрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар ИДМ, ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы сәуір
9. Үкіметтік бағдарламаны (Ұлттық инвестициялық стратегия) әзірлеу және қабылдау  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы тамыз
10. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғауды және ілгерілетуді қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Жібек жолы экономикалық белдеуімен ұштастыру
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, СІМ, ИДМ, АШМ, ЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк 2017 жылғы мамыр
11. Жаңа нарықтарға шығу және тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ салаларының өнімдерін жеткізу географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ИДМ, ЭМ, СІМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша),
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)
2017 жылғы желтоқсан
12. Мыналарды:
– субсидияларды бөлу қағидаттарын қайта қарауды және өнімді сақтандыруға біртіндеп көшуді қамтамасыз етуді;
– 500 мыңнан астам үй шаруашылықтары мен шағын фермерліктерді кооперативтерге біріктіру үшін жағдай жасауды;
– өнімді өңдеу дәрежесін арттыруды және тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құруды;
– еңбек өнімділігін арттыруды және өндірістік шығыстарды төмендетуді;
– жердің пайдаланылу тиімділігін арттыру мақсатында суармалы жер алаңдарын 40%-ға ұлғайтуды және оларды 2 миллион гектарға дейін жеткізуді;
– өндірісте сұранысқа ие болатын аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестициялардың көлемін ұлғайтуды;
– ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді әртараптандыру арқылы азық-түлік тауарларының экспортын 2021 жылға қарай 40%-ға ұлғайтуды көздейтін Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы АШМ  2017 жылғы наурыз
13. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына:
– контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін транзиттік тасымалдардың жылдық көлемін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін ұлғайтуды;
– жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін транзиттік тасымалдардың жылдық көлемін 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін ұлғайтуды;
– транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті
5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін арттыруды;
– жүктердің еркін транзитіне, көлік дәліздерін құруға және оларды жаңғыртуға, көлік инфрақұрылымын басқаруға, сервис деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған шараларды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы  ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері,
«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша),
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Эйр Астана» АҚ (келісім бойынша),
«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ (келісім бойынша),
«Қазаэронавигация» РМК (келісім бойынша)
2017 жылғы қазан
14. Құрық портын салудың екінші кезеңін – автомобиль өткелінің құрылысын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Маңғыстау облысының әкімдігі,
«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)
2017 – 2018 жылдар желтоқсан
15. Үлкен қалалардың жақын орналасқан елді мекендермен көлік қатынасын дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы мамыр
16. Кадрларға қажеттілікті қалыптастыру мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жаңадан құрылатын жұмыс орындарының есебін жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Еңбекмині, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, ЭМ, БҒМ, ДСМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 – 2018 жылдар шілде, қаңтар
17. Жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыруын және жұмыс күшінің ауылдардан қалаларға жұмылдырылуын қолдауды ескере отырып, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бөлігінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, БҒМ, Қаржымині, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2017 жылғы маусым
18. Ірі кәсіпорындардың облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға бірлесіп инвестициялар салуды және олардың одан әрі басқа салаларға жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді көздейтін жол карталарын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ірі кәсіпорындар 2017 – 2018 жылдар маусым
19. Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн-платформа құру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат  Еңбекмині, АКМ, Қаржымині, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2018 жылғы маусым
Екінші басымдық. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту
20. Жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау облыстардың,
Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары
ҰЭМ, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)
2017 жылғы шілде
21. Бизнес үшін, оның ішінде энергетика, көлік, логистика және ТКШ-дағы көрсетілетін қызметтер құны бойынша шығасылардың барлық түрлерін жаппай төмендету жөніндегі шараларды қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, Қаржымині, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы шілде
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін, оның ішінде бизнес үшін барынша оңтайландыру, құжаттардың мерзімдері мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою және оларды толық электрондық форматқа көшіру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат АКМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар,
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Зерде» ҰИХ» АҚ (келісім бойынша),
«ҰАТ» АҚ (келісім бойынша), «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы» КЕАҚ (келісім бойынша)
2017 – 2018 жылдар желтоқсан
23. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибелерін енгізе отырып, бизнесті қайта реттеу жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы маусым
24. Дүниежүзілік банктің рейтингі негізінде өңірлерде бизнесті жүргізуге арналған жағдайларды жақсарту жөнінде
егжей-тегжейлі жоспарларды әзірлеу
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы шілде
25. Арнайы сыйлық тағайындай отырып, бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу рейтинг бойынша әдістеме ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы қараша
26. Ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, Жекешелендірудің
2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіруге жататын ұйымдар тізбесіндегі кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету және оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтау
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша) 2017 жылғы шілде, 2018 – 2019 жылдар қаңтар, шілде
27. Ірі қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуын жеделдетуді қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «АХҚО» әкімшілігі» АҚ (келісім бойынша),
ҰЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк
2017 – 2020 жылдар желтоқсан
28. Yellow Pages қағидаттарына сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе тарату Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 жылғы шілде,
2018 – 2021 жылдар қаңтар, шілде
29. Бағдарламалар мен тапсырмаларды әзірлеу және іске асыру үшін мемлекеттік органдардың жанынан заңды тұлғалар құруды болғызбайтын шараларды әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, Қаржымині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 – 2018 жылдар маусым, қазан
30. Басқарушылық және өндірістік бизнес процестерге толық ревизия мен оңтайландыру жүргізіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ны сапалы түрде трансформациялауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині 2018 – 2021 жылдар ақпан
31. Экономиканың маңызды секторларын және оларға мемлекеттің қатысу дәрежесін, табиғи монополияларды және мультипликативтік әсер беруі тиіс, оның ішінде ТҰК қатысуымен стратегиялық маңызды жобаларды іске асыратын объектілерді қоса алғанда, мемлекеттік меншікте және квазимемлекеттік сектор меншігінде қалатын объектілерді айқындау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, Қаржымині, орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 – 2018 жылдар маусым, қараша
32. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ функцияларын оңтайландыру және оларды бәсекелес ортаға беру арқылы қайта ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар ҰЭМ, ИДМ, АШМ, Қаржымині,
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)
2017 жылғы қыркүйек
33. Өңірлер әкімдіктерінің МЖӘ-нің барлық ықтимал түрлері мен нысандарын қолдануы (мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару, сервистік келісімшарттар және тағы басқалар) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 жылғы шілде,
2018 жылғы қаңтар, шілде
34. МЖӘ жобаларын келісудің барлық рәсімдерін, әсіресе, шағын жобаларға қатысты оңайлату және жеделдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы наурыз
35. ТКШ объектілерін жаңғырту үшін одан әрі жекешелендіру мүмкіндігімен оларды басқаруға және концессияға беру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 жылғы маусым
36. Бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау тұрғысынан бүкіл заңнамаға «ревизия» жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы желтоқсан,
2018 жылғы шілде
37. Заңнамаға:
– бағалық және тарифтік сөз байласуларды, оның ішінде сауда-саттықта әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуда анықтау мен оның жолын кесу жөніндегі құқықтық тетікті жетілдіруді;
– бағалық және тарифтік сөз байласулар және оларды анықтауға бөгет жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҰЭМ, Қаржымині, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша),
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)
2018 жылғы мамыр
Үшінші басымдық. Макроэкономикалық тұрақтылық
38. Орта мерзімді кезеңде инфляция деңгейін кезең-кезеңімен 3-4 %-ға дейін төмендету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Ұлттық Банк, ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, АШМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2018 – 2021 жылдар қаңтар
39. Банк секторын:
– банктердің балансын «тиімсіз кредиттерден» арылту жөніндегі жұмысты жеделдету;
– қажет болған кезде акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталдандыруды қамтамасыз ету бөлігінде сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы Ұлттық Банк 2017 жылғы маусым
40. Қолжетімді орта және ұзақ мерзімді теңгемен қорландыруды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Ұлттық Банк, ҰЭМ, Қаржымині 2017 жылғы желтоқсан
41. Заңнамаға:
– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жедел бақылау және тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану бойынша құқық беру;
– аудиторлық және бағалау компанияларының жауапкершілігін күшейту;
– акционерлердің ашықтығын және корпоративтік басқаруды жақсартуды қамтамасыз ету;
– банктердің дәрменсіздігін реттеу режимін жетілдіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Ұлттық Банк, ҰЭМ, Қаржымині  2017 жылғы
желтоқсан
42. Отандық қор нарығын жандандыру, оның ішінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Ұлттық Банк, Қаржымині, ҰЭМ, «АХҚО» әкімшілігі» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша),
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша),
«Қазақстандық қор биржасы» АҚ (келісім бойынша)
2017 жылғы маусым
43. Қазақстандық жекеменшік кәсіпорындардың облигациялық шығарылымдарын субсидиялау жөнінде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар ҰЭМ, Қаржымині 2017 жылғы мамыр
44. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінен бастап, министрліктер мен ведомстволардың қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу Мемлекет басшысына ақпарат Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті
2017 жылғы желтоқсан,
2018 – 2020 жылдар шілде, желтоқсан
45. Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлу «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қаржымині, орталық мемлекеттік органдар
Қаржымині, орталық мемлекеттік органдар
2017 жылғы
қыркүйек
2018 жылғы наурыз
46. Заңнамаға:
– қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тез әрі тиімді жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету;
– квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарын мониторингтеу және бақылау бойынша шараларды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҰЭМ, Қаржымині 2017 жылғы қыркүйек
47. Фискалдық орталықсыздандыру саясаты шеңберінде шығыс өкілеттіктерін облыстық деңгейден аудандық және ауылдық деңгейлерге беру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, облыстардың әкімдері 2017 жылғы желтоқсан
48. Республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін
2020 жылы кезең-кезеңімен 2 трлн. теңгеге дейін қысқарту
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҰЭМ, Қаржымині 2017 жылғы қыркүйек
Төртінші басымдық. Адами капитал сапасын жақсарту
49. Мыналарды:
– сыни ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын дамыту үшін оқыту бағдарламаларын жаңартуды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруды және жастарды патриотизмге тәрбиелеуді;
– қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуды;
– үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат БҒМ, ДІАҚМ, МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 – 2020 жылдар тамыз
50. Кәсіптік стандарттарды еңбек нарығының талаптарына және өндірістегі әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес жаңарту Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат Еңбекмині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар , «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 – 2019 жылдар желтоқсан
51. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жарақталу деңгейіне және білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талапты күшейту бойынша шаралар кешенін іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2017 жылғы желтоқсан
52. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде денсаулық сақтауды ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ДСМ, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 – 2020 жылдар шілде, қаңтар
53. Бәсекелестікті дамыту үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің жеке және мемлекеттік өнім берушілеріне тең жағдайларды туғызуды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2018 – 2020 жылдар шілде, қаңтар
54. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ДСМ, Еңбекмині, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 – 2020 жылдар шілде, желтоқсан
55. Заңнамаға барлық дәрілік заттардың бағаларын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ДСМ, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы қыркүйек
56. Зейнетақы төлемдерін 20 %-ға дейін және баланың тууына арналған біржолғы жәрдемақыны 20 %-ға арттыру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Еңбекмині, Қаржымині 2017 жылғы ақпан
57. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау Еңбекмині мен ҰЭМ бірлескен бұйрығы Еңбекмині, ҰЭМ 2017 жылғы желтоқсан
58. Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 %-ынан 50 %-ға дейін арттыру Еңбекминінің бұйрығы Еңбекмині 2017 жылғы желтоқсан
Бесінші басымдық. Институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес
59. ЭЫДҰ-ның озық практикаларды имплементациялау жөніндегі ұсынымдарын енгізу бойынша жол картасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, ЭМ, АШМ, АКМ, Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ДІАҚМ, ІІМ, МҚІСҚА, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы мамыр
60. Жеке меншік құқығын қорғауды күшейту тұрғысынан бүкіл заңнамаға ревизия жүргізу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Әділетмині, АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк, Жоғарғы Сот, БП, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) 2017 жылғы қыркүйек
61. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға:
– ізгілендіру;
– кәсіпкерлік ортада құқық бұзғаны үшін қолданылатын санкцияларды азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар 2017 жылғы маусым
62. Қылмыстық заңнамаға:
– ізгілендіру;
– кәсіпкерлік ортада құқық бұзғаны үшін қолданылатын санкцияларды азайту;
– қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы БП, мүдделі мемлекеттік органдар 2017 жылғы қыркүйек
63. Мыналар:
– діни экстремизмді, оның ішінде Интернет пен әлеуметтік желілерде насихаттаудың алдын алу;
– қоғамда радикалды көріністермен, әсіресе, діни қарым-қатынастар саласындағы көріністермен байланысты кез келген
іс-қимылдарға мүлде төзбеушілікті қалыптастыру;
– терроризм мен экстремизм идеологиясын ұстанатындар арасынан сотталған адамдарды радикалсыздандыру және оңалту;
– мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді тарта отырып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухта тәрбиелеу;
– террористік және экстремистік қызметті қаржыландырумен күрес жөніндегі шараларды көздейтін Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы ҰҚК, БП, ІІМ, ДІАҚМ, АКМ, МСМ, Еңбекмині, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині 2017 жылғы сәуір
64. Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ҚАӨМ, АКМ, ІІМ, Қорғанысмині, ҰҚК 2017 жылғы маусым
65. Мыналарды:
– орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізуді;
– квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдалану салаларында сатып алуды өткізу тәсілдерін қайта қарауды көздейтін заң жобасын әзірлеу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) 2017 жылғы маусым
66. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат МҚІСҚА 2017 жылғы шілде
67. «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы ҰЭМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2017 жылғы қыркүйек

 Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы» КЕАҚ – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi
«АХҚО» әкімшілігі» АҚ – «Астана халықаралық қаржы орталығы» әкімшілігі» акционерлік қоғамы
«Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ – «Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Атамекен» ҰКП – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi
ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлiгi
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ
Жоғарғы Сот – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЖОО – жоғары оқу орындары
«Зерде» ҰИХ» АҚ – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
«ИТП» ДКҚ – «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«Қазақстан қор биржасы» АҚ – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы
«Қазаэронавигация» РМК – «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ – «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы
ҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
«Назарбаев Университет» ДБҰ – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi
ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
ТҰК – трансұлттық компаниялар
Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҰБХ – ұлттық басқарушы холдингтер
ҰК – ұлттық компаниялар
«ҰАТ» АҚ – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
ҰХ – ұлттық холдингтер
ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ІІМ – Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
«Эйр Астана» АҚ – «Эйр Астана» акционерлік қоғамы
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ – «SCAT» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК