Басшы

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі №115-Ж/Қ өкімімен Айткулов Канат Онгарулы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Айткулов Канат Онгарулы 1967 жылы қазан айының 24 жұлдызында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1985 – 1992 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институты «Инженер құрылысшы», 2002 – 2004 жылдары Құрылыс технологиясы мен оның сапасын бағалау және басқару университеті «Сарапшы бағалаушы», 2007  – 2009 жылдары Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы «Юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Мәскеу қаласындағы С.А.Московский әскери округінің қатарында (Темірбетон бұйымдар зауыты,зертханашы)  жұмысшы болып бастаған.
06.09.1992-15.10.1995 жылдары Жамбыл облысындағы «Акжол» Агробірлестігінде құрылыс участкесінің шебері.
25.10.1995-03.03.2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Альтаир» ЖШС-нің бас шебері.
06.03.2000-09.06.2005 жылдары Алматы қаласындағы «Госстройлицензия» – бас маманнан бөлім басшысына дейінгі лауазым иесі болды.
29.11.2002-31.12.2003 жылдары Алматы қаласында орналасқан «Архстройинжиниринг» ЖШС-нің техникалық директоры.
10.06.2005-20.09.2005 жылда  Алматы қаласында орналасқан «Фирма КС»(Құрылыс сараптау) ЖШС-нің техникалық директоры.
20.12.2005-16.06.2008 жылдары Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.
01.05.2009-01.11.2009 жылы Алматы қаласында орналасқан «Отау Курылыс Жобалау Уйымы» ЖШС-нің техникалық директоры.
05.04.2010-28.10.2011 жылдары Алматы қаласында орналасқан «АСК»»Кайрат и Ко» ЖШС-нің өндірістік базасының бастығы.
01.11.2011-28.02.2012 жылдары Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директорының орынбасары.
10.01.2013-26.10.2015 жылдары Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы.
02.11.2015-12.12.2016 жылдары «Tengri Capital Company» (Алматинский электровагоноремонтный завод) күрделі құрылыс басқармасының бастығының орынбасары.
13.12.2016-07.03.2018 жылдары «Алматинский завод Промсвязь» ЖШС-нің бас директорының орынбасары.
12.03.2018-08.07.2018 жылы «УК СЭЗ»Химический парк Тараз» АҚ құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылау бөлімінің директоры.
09.07.2018  жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасының басшысы.
Үйленген, төрт ұл, бір қыз тәрбиелеуде.