Басқарма ережесі

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы «28» шілдедегі

№226 қаулысымен бекітілген 

«Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

1.Жалпы ережелер 

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Пошталық индексі: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35А.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Жамбыл облысы аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Міндеттері:

1) Жамбыл облысының аумағында:

жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;

орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізу;

2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүргізу;

3) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларға мониторинг жүргізу;

4) бақылау мен тексерулер нәтижелерін жинақтау және талдау;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметтерді жүзеге асыру үшін лицензиялауды және аттестациялауды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау;

2) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мен аттестаттау;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиар функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде:

өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде:

өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау;

сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

17.Құқықтары мен міндеттері:

1) Құқықтары:

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Жамбыл облысының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алуға;

техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алуға;

салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тартуға;

өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге;

профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге кезінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруға;

заңнамада көрсетілген жағдайларда нұсқама шығаруға (беруге) құқығы бар.

2) Міндеттері:

Жамбыл облысы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;

мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары жоқ.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

9) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

10) «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.