БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінде күтеміз!

Біз сіздерді Тараз қаласы Қазыбек би, 177  мекенжайындағы Жамбыл облыстық филиалында 10:00  мен 17:00  аралығында күтеміз.