Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-3 126357 170599
D-O-4 108306 146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-О-3, №05-03-1.

Функционалдық міндеттері: азаматтық қоғам институттарын дамыту; саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік жобаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру; облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативті-кеңесші органның  жұмысын үйлестіру, азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар өткізу;  ішкі саяси тұрақтылық, өңірде азаматтық қоғам институттарымен  өзара ықпалдастықты  дамыту мәселелері бойынша талдамалы  ақпараттар, анықтамалық-әдістемелік материалдар әзірлеу; саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;  үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастырушылық-тәжірибелік, әдістемелік, ақпараттық қолдау көрсету; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті органдармен өзара іс-қимыл жасау; бөлімнің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу және оның орындалуын бақылау; бөлімге түскен арыз – шағымдарды және хаттарды қарастыру; мәжілістер мен кеңестердің шешімдерін, басқарма бұйрықтарының орындалуын, құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе мәдениеттану немесе тарих немесе педагогика және психология.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Саяси партиялар туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы»  Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №4-2.

Функционалдық міндеттері: басқарма басшысының және басшысының орынбасарларының тапсырмаларын орындау, облыс аумағында орналасқар жылу энергетикасы кәсіпорындарының кешенді дамуы бірыңғай стратегиясын жүзеге асырады.  Жылу энергиясын өндірумен, қамтумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асырады, облыстың жылумен қамту нысандарын жылыту маусымына дайындау бойынша облыстық штаб отырысына материалдар дайындау, жылыту маусымы барысында бекітілген температуралық режимнің сақталуын қадағалау.  Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді отынмен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинақтап, тиісті орындарға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады, бағынысты кәсіпорындардың бюджеттік қаражаттарын бақылайды және мониторингілейді. Бөлімнің құзырына кіретін басқа да сұрақтар бойынша анықтама, мәліметтер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе техникалық физика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

         

3.Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, (№ 21-01-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды қамтамасыз ету, салынып жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге мониторинг ұйымдастыру, тапсырыс берушінің құрылыс-монтаж жұмыстарына хабарлама үшін ұсынған құжаттары мен материалдарын қарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шараларды қолдану, құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғағанда заңдылықты қамтамасыз ету. Тексеру тағайындау туралы актілерді тиісті органда тіркеу.Тексеру қорытындылары бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, қала құрылысы және жобалау құжаттамасының сапасына бақылауды ұйымдастыру, жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе гидротехникалық құрылыс және көлік құрылысы  немесе сәулет.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы»,  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, №09-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету. Бюджеттік саясат және жоспарлау бойынша бөлім жұмыстарын үйлестіру. Бюджетке қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет туралы, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері және табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің бөлу нормативтері туралы облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу. Тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы облыс әкімдігінің қаулысының жобасын дайындауды жүргізу. Облыстық бюджет көрсеткіштерін нақтылауға мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу. Облыстық бюджеттің көрсеткіштерін түзетуге облыс әкімдігінің қаулысы жобасын дайындау. Жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмалар мен бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Жұмыс жоспарына және басқарма мәжілістері мен жиналыстарына, семинарлар мен басқа да жиналыстарға арналған тиісті материалдар дайындау, қатысу. Құжаттар мен басқарма басшылығы тапсырмаларының орындалуына, олардың дер кезінде және сапалы орындалуына бағытталған жедел шараларды қабылдау. Бөлім қызметшілерінің атқаратын лауазымындағы қызметін бағалауды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау – талдау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №06-2 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 15.05.2020 ж. дейін).

            Функционалдық міндеттері: жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 3 жылға арналған бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Салалар бойынша Жамбыл облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру (денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, сауда, мәдениет, спорт, туризм және т.б.). Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының мониторингі. Аумақты дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасауды үйлестіру, тоқсан қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама, кестелер, слайдтар әзірлеу. Жамбыл облысын дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу. Жер қойнауының келісім-шарттары бойынша қорытындыларды қарау және дайындау. Жоғарғы атқарушы органдарға, облыс әкімінің аппаратына ақпараттар, анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №10-2.

            Функционалдық міндеттері: құжаттар мен Басқарма басшылығы тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және оны іске асыру барысы жөнінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарларын орындау жөнінде жетекшілік ететін салалар бойынша талдамалық анықтамалар әзірлеуге қатысу. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің алдағы қаржы жылына немесе ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімдеріне талдау жүргізіп, облыстық бюджет жобасын қалыптастыру. Шығындар бойынша облыстық бюджетті бекітуге, нақтылауға, түзетуге, материалдар мен ұсыныстар дайындап, облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу мен құрастыруға, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өз құзыреті шегінде  қатысу. Облыстық Бюджеттік комиссия қарауына материалдар дайындау. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен қызметтік автокөлік лимиттеріне қатысты мәселелері бойынша есеп жүргізу. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының қағидаларға және талаптарға сәйкес жасалуын қадағалап, тиісті ақпараттарды жинақтау. Жоғарғы атқарушы мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға ақпарат, хаттар және анықтамалар дайындау. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

  

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.