Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

D-О-5 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 83282 112 431

D-O-5

75 035

101 581

 Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:асқармасының персоналды  басқару  қызметінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 01-2-1.

1Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының персоналды  басқару  қызметінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 01-2-1.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру; мемлекттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; Мемелкеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; мелекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді , оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік органда кәсіби бейімделумен тәлімгерлікті ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мелекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;конкурстық, тәртіптік, атестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзгеде коммисиялардың қызметін ұйысдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне атестаттау мен оқытуды , соның ішінде мелекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деркетер базасында (ақпараттық жүйесінде ), қызметін өткеру , қызметтік тексерулермен тоқтау рәсімдерін сақтауына, бағалу жүргізуді қамтамасыз ету; кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу, мелкеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлкеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік –психологиялық еңбек климатын дамыту;мемлекеттык органда еңбек заңнамасы мемелекеттык қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; еңбек режимі мен жағдайларын сақталуын, сондай-ақ, мелекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету; мелекеттік органның актісімен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу; жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –құқық  саласындағы. Мамандығы: құқық  саласындағы (жалпы).

«Қазақстан -2050» Стратегиясын, Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек кодексін;  фукнционалды  міндеттеріне  сәйкес салалардағы басқа  да Қазақстан  Республикасының нормативтік  құқықтық  актілерін  білу.

2.Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2020 жылдың 23 ақпанына дейін) D-О-4 санаты (№8-2) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: II. III. IV санаттағы  нысандар бойынша  мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді және экологиялық сараптама қорытындысын береді, жобалардың экологиялық сараптама нәтижесін қорытындылап, талдау жасап және сараптама әзірлеушілер атына тиісті ұсыныс және талап қояды. Мемлекеттік экологиялық  сараптаманың Сараптма кеңесі отырысына материал дайындайды, шаруашылық және де басқа қызметтердің қоғамдық пікірді білу үшін өткізілетін қоғамдық тыңдауларға қатысады, көзделген шаруашылықтар мен басқа да қызметтер бойынша шешім қабылдау процесінде және қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға қатысты жағдайларда жұртшылыққа экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді, жоба дайындайтын мекемелермен және  табиғат пайдаланушылармен әдістемелік-кеңес жұмысын жүргізуге қатысады. Қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық актілер және әдістемелік-нормативтік жобаларды дайындауға қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экология немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Экологиялық, Су кодекстерін, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн ҚР нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін) D-О-4 санаты (№5-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: аң аулау мен балық аулау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету. Аңшылық алқаптардың резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.   Биотехникалық іс-шараларды, жануарлар дүниесінің есебін жүргізуді қамтамасыз ету. Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнінде шешімдердің жобаларын дайындау, конкурстар өткізу. Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру (аң аулау бойынша), жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қауіпі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және (немесе) қамтамасыз ету, аңшылық шаруашылығын  жүргізуге шарттар жасасуды қамтамасыз ету, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды т. б. шараларды жүзеге асыру. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға рұқсаттар беру,  балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнінде шешімдерді дайындау, конкурстар өткізу. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу, рекреациялық балық аулау аймағын белгілеуді ұйымдастыру, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн  жүргізуге шарттар жасау, резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда мелиорациялық балық аулауды ұйымдастыру. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру. Балық шаруашылығын субсидиялау материалдарын дайындау және комиссияға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы. Мамандығы: аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе өнеркәсіптік балық аулау немесе балық шаруашылығы немесе орман ресурстары және орман өсіру немесе экономика немесе биология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

4.Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, № 21-02-02, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: лицензия алу үшін лицензиаттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау, заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағыныстағы аумақтағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерге берілетін лицензияларға мониторинг жүргізу, оларды есепке алу мен тіркеу, лицензиаттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау, лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану. Лицензиялық құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткізу үшін оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеуді жүргізу, уәкілетті органда тексеру жүргізу туралы актілерді уақтылы тіркеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе көлік құрылысы немесе сәулет немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағыты стратегиясын білуі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

5.Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік,  №03-3.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу; қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады; жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын әзiрлеу; жолаушылар мен багажды тасымалдау мен айналысатын көлік компанияларының жол қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру жұмыстарын бақылау мақсатында, полиция органдары және көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шараларға қатысады, рейдтік іс-шаралардың қорытындылары бойынша мәліметтер мен ұсыныстар даярлау; қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларға қатысу, қорытындылары бойынша анықтамалар даярлау; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

6.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін),  санаты  D-О-4, 1 бірлік, № 7-2-1.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау,  ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде  болжамдық қажеттілік  туралы мәліметтерді жинақтау және жалпылау. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру, есептілікті жүргізіп, тиісті органдарға жолдау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. «Еңбек нарығы»  ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс істеу және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Азаматтар мен  ұйымдардың өтініштерін қарау,  консультативтік, іс тәжірибелік   жұмыс жүргізу. Аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының  статистикалық есептіліктерінің «Еңбек рыногы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес келуін қадағалауды қамтамасыз ету.  Жұмыспен қамту мәселесі туралы жобалық басқаруды үйлестіру және   мәліметтерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

7.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға 2019 жылдың 14 шілдесіне дейін), санаты  D-О-4, 1 бірлік, № 5-2-2.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға өтемақылық төлемдер, жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша статистикалық есептілік пен мәліметтер дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. «Әлеуметтік көмек», «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік  көмектің барлық түрін тағайындау мен төлеу тәртібі бойынша және құрылымдық бөлімшелердің ҚР әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарына мониторинг жүргізу.  Халықтың қорғалмаған бөлігін әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмекті тағайындау және аз қамтылған азаматтарды есепке алу саласындағы ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру. Әлеуметтік бағдарламалар аясындағы мемлекеттік қызметтерге регламент даярлау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе қызмет көрсету саласындағы білім. Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», заңдарды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата