12) Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-3 126357 170599
D-O-4 108306 146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мемлекеттік

ветеринариялық инспекциясы  бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік,  № 01-04-01.

            Функционалдық міндеттері: Жамбыл облысы аумағында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау; эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімнің жобасын дайындау; жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; ветеринария туралы заңында берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығару; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;

ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну; ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын бақылау және қадағалау, –Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды жүзеге асыруды бақылау  және қадағалау; бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлім маманына тапсыру; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринария саласында. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы»,   «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және жергілікті қамту бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, №04, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бағдарламаларын облыс аумағында орындауды қамтамасыз ету. Өнеркәсіп бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжауын әзірлеуге қатысу. Аймақтың өнеркәсіп саласының дамуына, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында қазақстандық қамтудың дамуына мониторинг жасау; облыс бойынша қазақстандық қамтуды дамыту бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективалық жоспарларды әзірлеу, жүзеге асыру және уәкілетті органдармен келісу; қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі тоқсандық материалдарды жинақтау, «Қазақстандық қамту» интернет-порталында есепті тапсыру бойынша оқыту семинарларын өткізу. Өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиясын және технологиялық процессін зерделеу. Кәсіпорындардың келісімімен, олардың өнеркәсіп саласындағы жұмысын оңтайландыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне қатысу. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне цифрландыруды енгізуге көмектесу. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыстың өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қажетті материалдар дайындау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету; өнеркәсіп саласын, цифрландыруды дамытуды зерделеу, талдау және болжау. Серіктестік бағдарламасын дамыту мақсатында ірі, орта және шағын бизнес компаниялары арасында қарым-қатынасты ұйымдастыру. Өз саласында облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу және келісу.  Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын құрастыру, жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметін үйлестіру, оның жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Басқарып отырған бөліммен имджді және басқа да іс-шараларды жүргізуҚазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бағдарламаларын облыс аумағында орындауды қамтамасыз ету. Өнеркәсіп бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжауын әзірлеуге қатысу. Аймақтың өнеркәсіп саласының дамуына, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында қазақстандық қамтудың дамуына мониторинг жасау; облыс бойынша қазақстандық қамтуды дамыту бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективалық жоспарларды әзірлеу, жүзеге асыру және уәкілетті органдармен келісу; қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі тоқсандық материалдарды жинақтау, «Қазақстандық қамту» интернет-порталында есепті тапсыру бойынша оқыту семинарларын өткізу. Өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиясын және технологиялық процессін зерделеу. Кәсіпорындардың келісімімен, олардың өнеркәсіп саласындағы жұмысын оңтайландыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне қатысу. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне цифрландыруды енгізуге көмектесу. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыстың өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қажетті материалдар дайындау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету; өнеркәсіп саласын, цифрландыруды дамытуды зерделеу, талдау және болжау. Серіктестік бағдарламасын дамыту мақсатында ірі, орта және шағын бизнес компаниялары арасында қарым-қатынасты ұйымдастыру. Өз саласында облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу және келісу.  Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын құрастыру, жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметін үйлестіру, оның жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Басқарып отырған бөліммен имджді және басқа да іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техника және технологиялар саласындағы.Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе ақпараттық жүйелер немесе геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау немесе кен ісі немесе металлургия немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе бейорганикалық немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы немесе азық-түлік қауіпсіздігі немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мұнай химиясы немесе наноматериалдар және нанотехнологиялар немесе пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіру және барлаудың геофизикалық әдістері немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саясаты бағытын» Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заннамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді білуі.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің  бас маманы-мемлекеттік инспектор, санаты D-О-4, 1 бірлік, №4-2.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың ҚР  жер заңдарын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына, межелiк белгiлердiң сақталуын және  бүлiнген жердiң жаңғыртылуын қадағалау, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асыру, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге, жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауын  ұйымдастыруын жүзеге асыру әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарау; төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдау, пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау, іздестіру және игеру кезінде геодезиялық, картографиялық жұмыс іс-шараларын дұрыс атқаруын қадағалау; ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы. Мамандығы: жерге орналастыру  немесе кадастр немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №10-2.

            Функционалдық міндеттері: құжаттар мен Басқарма басшылығы тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және оны іске асыру барысы жөнінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарларын орындау жөнінде жетекшілік ететін салалар бойынша талдамалық анықтамалар әзірлеуге қатысу. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің алдағы қаржы жылына немесе ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімдеріне талдау жүргізіп, облыстық бюджет жобасын қалыптастыру. Шығындар бойынша облыстық бюджетті бекітуге, нақтылауға, түзетуге, материалдар мен ұсыныстар дайындап, облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу мен құрастыруға, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өз құзыреті шегінде  қатысу. Облыстық Бюджеттік комиссия қарауына материалдар дайындау. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен қызметтік автокөлік лимиттеріне қатысты мәселелері бойынша есеп жүргізу. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының қағидаларға және талаптарға сәйкес жасалуын қадағалап, тиісті ақпараттарды жинақтау. Жоғарғы атқарушы мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға ақпарат, хаттар және анықтамалар дайындау. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.   

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.