11) Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 83 282 112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, (№ 21-03-02), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқарманы ұстауға арналған қаржылық жоспарды орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақтылы және сапалы дайындау. Басқарма үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу және белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі тоқсандық, жылдық есептер дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Жоғары тұрған органға қаржылық жоспарды орындаудың айлық есебін, кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есеп беру. Белгіленген нысан бойынша облыстық статистика басқармасына еңбек және жалақы туралы тоқсандық есеп беру. Ұсынылған тауарларға (жұмыстар мен қызметтер) ақы төлеу үшін қазынашылық органдарына шоттар ұсыну. Бюджетке салықтық және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын және жұмысшылар жалақысын дұрыс есептеу мен аударуға бақылау жасау. Ағымдағы іс қағаздарын жүргізу іс номенклатурасын әзірлеу. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткізу үшін оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеуге бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

  _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

 

 

 

 

   
 

 

 

   
 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата