10) Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1  санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден  теңгеден
1 D-O-3 109932 148242

 «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, №21-03-01.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Қол қоюға ұсынылған құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, құқықтық сипаттағы шешімдер мен өзге де құжаттардың заңнамалық талаптарға сәйкестігіне бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметті өтумен байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету; басқарманы заң тұрғысынан қорғау. Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызметке кіруге байланысты шектеулердің сақталуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағыты стратегиясын білуі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік (№ 4-1).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшысының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, облыстың энергетикалық кешенін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясатының бағыттары бойынша облыстық нысаналы бағдарламалары мен іс-шараларын, жоспарларын әзірлеуге, қалыптастыруға және оларды жүзеге асыруға қатысады, есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді, жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын әзірлейді, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келіседі, 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.